Шерзат Полаттың ісі: Айыпталушылар туралы не белгілі

Шерзат Полаттың ісі, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 11:46 Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 17 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысы ашық мәжілісте қазақ тілінде өтеді. Істі судья Ержан Жанұзақов, мемлекеттік айыптаушылар ретінде Ержан Құрақбаев пен Дана Сәрсенбай қарап жатыр.

Сауалнама деректерінен сотталушылардың төртеуі бұрын сотты болғаны анықталды.

Іс бойынша негізгі айыпталушылар істің ауқымдылығына байланысты сот отырысына толық дайындалып үлгермегендерін айтты.

Кәмелетке толмаған бала 17 жаста, 11-сыныпта оқуы керек болып шықты.

Абзал Шынасыл — 2000 жылғы, қазақ. Білімі: орта, жұмыссыз, бойдақ. Бұған дейін сотталмаған. Сотта кінәні толық мойындамайтынын және отырыстың кейбір бөліктеріне дайын еместігін айтты.

Равиль Сакиев — 1998 жылғы, қазақ. Білімі: орта. Отбасын құрмаған. ҚР ҚК 381-баптың 2 және 6-бөліктері бойынша сотталған (бостандықты шектеу түріндегі жаза). Қазіргі уақытта жазасын өтеп біткен.

Шыңғыс Белғожаев — жоғары білімді, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде әдіскер болып қызмет еткен. Талғар қаласында тұрған. 2015 жылы ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотталған (қасақана ауыр дене жарақатын салу).

Дархан Аскентай — 1990 жылы туған, қазақ. Орта білім алған, жұмыссыз. 2017 жылы оны құқық қорғаушылар тергеуге алған, бірақ іс сотқа жетпей тоқтатылған. Қазір сот отырысына толық дайын екенін айтты.

Нұрқияс Ілиясов — 1998 жылғы, Талғар тумасы, қазақ. Орта білім алған, жұмыссыз, үйленбеген. Бұрын ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотталған (қасақана ауыр дене жарақаты). Сотқа қатысуға дайын.

Азамат Тоқтаубаев — 2000 жылғы, қазақ. Орта білім алған, жеке кәсіппен айналысқан. 2024 жылы 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір іс бойынша сотқа қатысуға дайын.

Нұрбол Тоқтаубаев — 1996 жылы туған, қазақ. Орта білім алған. Арнайы техниканың операторы болып жұмыс істеген.

Дидар Қалиахмет — 1998 жылғы, қазақ, Талғардан шыққан. Орта білім алған. Жүргізуші болып жұмыс істейді, үйленген. Бұған дейін сотты болмаған.

Думан Ысқақ — 2007 жылғы, Талғар қаласының тумасы, қазақ. Орта білім алып жатыр, мектептің 11-сыныбында оқиды.

Сотқа жәбірленуші ретінде Шерзат Полаттың ата-анасы мен әжесі қатысуда. Әкесі Алматы облысындағы жедел жәрдем станциясында дәрігер, ал анасы Алматы қаласындағы перзентханада дәрігер.

Судья Ержан Жанұзақов сот отырысына қатысушылардан сотқа қысым жасамау үшін сот аяқталғанша БАҚ өкілдеріне сұхбат бермеуді сұрады.

2024 жылдың 4 қазанында Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергеу жүргізіліп, 11 күдікті қамауға алынды.

2025 жылдың 10 сәуірінде Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Полаттың үйін өртеп жіберген күдіктілер әлі анықталмағанын айтты. Тергеушілер сол кезеңді спутник арқылы көруді көздеп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: