Немеремді көз алдымда өлтірді: Шерзат Полаттың әжесі сот алдында куәлік етті

Бүгінгі сот отырысын судья жәбірленушілер тарапынан жауап алумен бастады.
Алғашқы болып, залдан Шерзат Полаттың әжесі Жұмабеке Қадырова шақырылды. Ол сотқа сотталушылардың ешқайсысын жеке танымайтынын, алайда Абзал Шынасылды білетінін айтты.
"Оқиға 2024 жылдың 4 қазанында болды. Мен жұмыстан келіп, шәй ішіп отырғынмын. Сол кезде Қаржаубай әйеліне хабарласып, Шерзаттың біреуді ұрғанын және Нұрқанатты дүкенге жіберуін сұрады. Одан әрі шәй іше алмадым, келінім екеуміз де оқиға орнына таксимен бардық. Мен топ болып жүрген адамдарды көргенде таңқалдым. Шерзат төбелеске баратын адам емес еді. Егер мен онда қару қолданылатынын білсем, медициналық көмекті үйден-ақ шақырар едім. Қайғылы оқиғаны есіме түсіру, немеремді өлтірушілерді бетпе-бет көру маған өте қиын". Жұмабеке Қадырова
Әжесі көпшіліктің Шерзат тұрған жаққа қалай жүгіріп бара жатқанын көргенін, сол сәтті оны Абзал Шынасылдың итеріп жібергенін айтты.
"Мен барлығы қалай немеремді тепкілей бастағанын көрдім. Ешкім шет қалмады. Мен Шерзаттың олардың мұндай қадамға барарлықтай не істегенін әлі күнге түсінбеймін. Ол сол түні дүкенге тек қуаттағышын алып кетуге барған болатын. Кісі өлтіруге дайындалған үш көлік келді. Немеремді көз алдымда аяусыз өлтірді...Қолдарындағы пышақты көрдім. 15-ке жуық адам көз алдымда үш көлікке тиеліп қашып кетті". Жұмабеке Қадырова
Шерзат Полаттың әжесі отбасының жас сотталушы Думан Ысқақты кешіргенін айтты. Сондай-ақ, айыпталушылардың ешқайсысы марқұмның туыстарынан кешірім сұрамағанын атап өтті.
Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар ауданында әке-шешесінің көзінше 16 жастағы Шерзат Полат қандықол қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрап, көшеге шықты. 16 қазанда олардың үйі түгі қалмай өртеніп кетті. Полиция мұның қасақана от қою екенін растады. Ал 9 желтоқсанда Шерзат Полаттың ағасы өлі күйінде табылды.
Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өлімі туралы айтқан болатын. 2025 жылы 27 ақпанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.