Қазақстандық мұғалімдерді "Тоқаевтың Жарлығымен тексеру" күтіп тұр

Школьники, ученики, школа, школы, частная школа, частные школы, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, учитель, педагог, преподаватель , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 13:46 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда мұғалімдерге WhatsApp арқылы белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, хабарламалар жіберіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz мамандарының ақпаратына сүйенсек, олар өздерін Антикор мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері деп таныстырады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық қауіпінің жоғары болуына байланысты барлық білім беру мекемелерін тексеру туралы өкімге қол қойған екен. Бұл алаяқтардың ісі.

Сурет: Stopfake.kz

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Білім беру саласындағы бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес қатаң түрде заңнама шеңберінде жүзеге асырылады",- делінген ақпаратта.

Мемлекеттік бақылау нысандары:

  • Біліктілік талаптарына сәйкестігін (БТС) тексеру — лицензияланатын қызмет түрлеріне қатысты жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
  • Барып, профилактикалық тексеру – автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жарты жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
  • Бармай профилактикалық тексеру (мемлекеттік аттестаттау) – бес жылда бір рет өткізіледі.
  • Жоспардан тыс тексерулер – азаматтардың өтініштері, құқық қорғау органдарының тапсырмалары не заңда көзделген өзге де негіздер бойынша ғана жүргізіледі.
"Жеке педагогтер емес, білім беру ұйымдары бақылауға алынып, тексерілетінін атап өткен жөн. Баршаңызды сақ болуға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желідегі жарнамаға сенген шығысқазақстандықтың алданып қалғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: