Жамбыл облысында жасанды интеллект арқылы тұңғыш қазақ ертегісі жасалды

Жамбыл облысында жасанды интеллект арқылы тұңғыш қазақ ертегісі жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 17:35 Сурет: pixabay
Өткен жылы өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өткен "Қазақстан" РТРК" АҚ Жамбыл облыстық филиалы аймақта тұңғыш рет Жасанды интеллект арқылы қазақ ертегісін жасап шықты.

Бұл телеарна дизайерлерінің күнделікті жұмыстардан бөлек, заман талабына сай бейімделіп, республикалық арналарда қолға алына бастаған ЖИ –пен жұмыс істеу бағытына бет бұруы.

"Күні кеше Президент те Ұлттық Құрылтайда осы салаға мән беру керектігін айтқан еді.  Осыған байланысты да "JAMBYL" телеарнасы кішкентай көрермендері үшін ертегілер әзірлеуді қолға алды. Бүгін біз алғаш рет Жасанды интеллекттің көмегімен дайындалған анимациялық қазақ ертегісін ұсынамыз. Кішкентай тышқан мен алып арыстанның достығы туралы бұл хикая – кішкентай көрермендеріміз үшін тамаша тарту. Әрбір кадр – шығармашылық пен интеллекттің үндесуі. Әрбір көрініс – үміт пен сенімнің бейнесі", – деп айта аламыз. Енді арманды бейнелеу үшін тек қиял ғана емес, жаңа технология да бірге жұмыс істемек", - деп хабарлады телеарна.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жалпы, JAMBYL телеарнасында бүгінде 67 адам еңбек етеді. Тұрақты түрде 33 хабар көрерменге жол тартса, оның 70 пайыздан астамы өзіндік өнім болып табылады. Телеарна аптасына бес рет түрлі форматта тікелей эфирлер ұйымдастырса, күнделікті "Айқын Ақпарат" жаңалықтар бағдарламасы 3 рет тікелей эфирден көрсетіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: