Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда өткен Халықаралық иттер көрмесіне тұңғыш рет қазақ тазысы қатысты

Тазы, казахская порода, собака , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2024 15:29 Фото: unsplash
Алматыда өткен Халықаралық иттер көрмесіне тұңғыш рет қазақ тазысы қатысты. Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 500-ге тарта түрлі тұқымды иттер мен 30-дан аса қазақ тазысы жиналды.

Жеті қазынаға жататын құмайды әлемдік деңгейде танытуға бағытталған шарада Нидерланд, Словакия, Грекия және Қытайдан келген сарапшылар төрелік етті.

Тазы асыл тұқымды иттердің ресми стандартына сәйкес бағаланды. Шарада құмайдың бойы мен салмағы, басы, кеуде тұсы мен тісі, шапшаңдығы мен ізшілдігі жіті тексерілді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Қазақ халқының ұлттық болмысына тазы ит жақын деп ойлаймын. Мен түрлі асыл тұқымды иттерді өсірдім. Зерттеуімше, тазының аңшылық қабілеті ерекше, өзі — талғампаз жануар. Ендігі мақсат -оның санын көбейтіп, баптап, тұқымын жоғалтпау керек. Меніңше, тазыны табиғи жолмен өсірген дұрыс. Сонда аңға салғанда, олжалы қайтады." Герард Джиппинг, Халықаралық кинология федерациясының вице-президенті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: