Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр

Тазы, казахская порода, собака Тазы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 09:00 Фото: akorda.kz
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров отандастарын Қазақ тазысы мен төбеті күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, тазы – халқымыздың мәдени мұрасы мен дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бөлігі. Жеті қазынаның біріне жататын ұлттық ит тұқымы адалдықтың, ептілік пен күштің нышаны саналады.

Ғасырлар бойы Ұлы дала төсінде көшпенділер тұрмысымен біте қайнасқан тазы мен төбет бізді тарихымызбен және туған жер мен өскен ортасын қадір тұтқан ата-баба дәстүрімен байланыстырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейтуге және оны халықаралық деңгейде насихаттауға айрықша мән береді. Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылды. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді. Еліміз Халықаралық кинология федерациясының мүшелігіне қабылданды, – деді Айбек Смадияров.

2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды. Қазақстан осы тұқымның шыққан жері ретінде ресми түрде бекітілді.

Президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, бүгінде құмай тазыларымыз әлемдік ірі көрмелерде жүлделі орындар алып жүр. Асыл тұқымды итті көбейту қарқын алып, тазы асыраушылар қатары артып келеді. Қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын.

"Тарихи мұрамыз бен ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу, табиғатты аялау – Ата заңымызда құндылықтар ретінде айқындалған. Қазақ тазысы мен төбеті күнін атап өту – бірегей мұрамызды әлемге дәріптеуге септігін тигізетін маңызды қадам." Айбек Смадияров

Бұған дейін тазының халықаралық деңгейде танылуы жаңа жұмыстың бастамасы болғаны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: