"Қазақстанның ең ұзын лағманы": Алматыда жаңа рекорд орнатылады

1 мамыр — Халықтар достығы күніне орай Алматының көп ұлтты аудандарының бірі – Жетісу ауданында ерекше шара өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық тағамдарды насихаттап, ұлттар арасындағы бірлікті нығайту мақсатында "Қазақстанның ең ұзын лағманы" әзірленіп, жаңа Қазақстан рекорды тіркелмек.
Шараға Жетісу ауданының тұрғындары, түрлі этнос өкілдері белсене қатысады. Бұл бастама халқымыздың ұлттық құндылықтары мен көпэтносты қоғамның татулығын дәріптеуді көздейді. Лағман – әртүрлі ұлт өкілдері сүйіп жейтін тағам, сондықтан бұл рекорд ортақ мәдени мұраның белгісі болмақ.
Іс-шараны Жетісу ауданы этно-мәдени орталықтары ұйымдастырып отыр. Рекорд Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері қатысуымен ресми түрде тіркеледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript