Қазақстан халқының достығы: Алматыда ең ұзын лағман дайындалып, елімізде жаңа рекорд орнатылды

Алматыда ұзындығы 1704 метр болатын лағманды дайындау бойынша елдік рекорд орнатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 09:01 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда ұзындығы 1704 метр болатын лағманды дайындау бойынша елдік рекорд орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан халқының Бірлігі күні Алматының Жетісу ауданында бірегей іс-шара өтті. Айнабұлақ шағын ауданындағы №4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел тарихындағы ең ұзын – 1704 метр болатын лағман дайындалды және бұл факт Қазақстанның Рекордтар кітабында ресми тіркелді.

Бұл жетістік жай ғана гастрономиялық оқиға емес, көпұлтты қоғамдағы бірлік пен келісімнің нағыз символына айналды. 19 келі ұннан қамыр иленді, ал 50 – ден астам қатысушы – аспаздар мен аудан тұрғындарының күшімен тағам екі сағаттың ішінде дайындалды. Түрлі этностардың өкілдері ортақ қазақстандық дастархан үшін бірлік рухын көрсетіп, бірлесіп жұмыс істеді.

Қазақстан Рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы: "Лағман қанша метр болса да рекорд орнатылды, өйткені мұндай іс-шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Біз кеспенің ұзындығын ғана емес, ұлтаралық байланыстардың беріктігін де бекітеміз",- деді.

Дәл осы күні бір үстелге қазақтар, ұйғырлар, өзбектер, дүнгендер, корейлер және басқа ұлт өкілдері жиналды. Біреу қамыр иледі, біреу оны жайды. Бұл жиналғандар үшін нағыз мерекеге айналды, онда әркім өзін үлкен, тату отбасының бір бөлігі ретінде сезінді.


"Қатысушылардың алдында қамырдың жыртылмауын қамтамасыз ету қиын міндеті тұрды. Қиындықтарға қарамастан, біздің аспаздар оны өте жақсы орындады", – деп атап өтті Алматы қаласы Жетісу ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Омарова.

Аспаздық іс-шараға қатысушылардың бірі Зухра Измасова өз әсерлерімен бөлісті. Ол жарыстың қиын болғанын мойындады: "Сәл ауыр, тым ұзын лағман, бірақ тапсырма неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызықты болады" -, деді ол.

Жетісу ауданының Ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Шәкірова өз кезегінде іс-шараның жұмысшы мамандықтар жылына арналғанын атап өтті: "Жетісу ауданында көптеген қоғамдық тамақтану орындары шоғырланған. Бүгін шығыс тағамдары аспазшыларының жұмысы көрсетілді. Мұндай кереметті әркім жасай алмайды. Жұмысшы мамандықтарын бағалай білу керек",- деді ол.

Іс-шараны Жетісу ауданының тұрғындары мен этномәдени орталықтары Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырды. Лағман жай ғана дәмді тағам ғана емес, ортақ мәдени жадының, дәстүрдің, тарихтың және болашақтың символына айналды, деп атап өтті Жетісу ауданының әкімдігінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: