Қазақстанда қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ҚР Үкіметі жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді енгізу туралы шешімді қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорғаншылық органдары жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы штаттық шегі аясында құрылады.
"Белгіленген нормативке сәйкес, әрбір 5 мың балаға кемінде бір маман тағайындалады. Бұл бастама арқылы балалардың толыққанды қамқорлықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйе негізін құру көзделуде. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі қорғаншылық органдарының мамандарына арналған оқыту тренингтерін ұйымдастыруда", делінген министрлік хабарламасында.
Айта кету керек, аталған реформалар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан "Қазақстан балалары" атты кешенді бағдарламаның бір бөлігі ретінде іске асырылады.
Бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева облыстарда Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар, сондай-ақ аудандарда да тиісті бөлімдер құрылғалы жатқанын айтқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript