Шымкентте пәтер иесі жалға беру барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін сотталды

Газовая плита, газовые плиты, конфорки, газ, подача газа, отключение газа, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 12:50 Фото: pixabay
Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қала прокуратурасы пәтер иесінің қандай құқықбұзушылыққа жол бергенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, азаматша пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берген.


"Нәтижесінде пәтерде газ ағуы орын алып, пәтерді жалға алушы көмірқышқыл газымен улану салдарынан қайтыс болды. 2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі",- делінген таратылған ақпаратта.

Осы ретте, прокуратура бұл оқиға пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындағанын атап өтті: жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке алып соғуы мүмкін...заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

Бұған дейін Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ер адамның көз жұмғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: