Шіріген едендер, саман қабырғалар және тесік шатыр: Биыл Алматыда 40-қа жуық ескі үй бұзылады

Шіріген едендер, саман қабырғалар және тесік шатыр: Биыл Алматыда 40-қа жуық ескі үй бұзылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 16:43 Сурет: Zakon.kz
Бүгінде Алматыда 1000-нан аса апатты жағдайдағы тұрған үй бар, олардың көпшілігі Жетісу, Түрксіб және Ауэзов аудандарында орналасқан. Бұл үйлердің тозығы жетіп, тұрғындар үшін қауіп төндіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының әкімдігі 2012 жылдан бастап апатты үйлерді бұзып, олардың орнына жаңа үйлер салу жұмыстарын бастады. Қалада апатты жағдайдағы үйлерді жаңарту бағдарламасы іске қосылған болатын. Қазіргі уақытта қалада осындай 1 366 үй бар. Ең көп апатты үйлер Түрксіб ауданында шоғырланған – 40%-дан астам. Алдағы бірнеше жылда бұл ауданда 128 ескі үйді бұзу жоспарланып отыр.

"2025 және 2026 жылдары Түрксіб ауданында "ПКС" ЖШС мен инвесторлардың күшімен Реновация бағдарламасы аясында 8 жаңа үй (240 пәтер) салу жоспарлануда", – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.

Сурет: Zakon.kz

Сергей Галиннің отбасы каркас-қамысты екі қабатты үйге шамамен 100 жыл бұрын қоныстанған. Алғашында бұл үйде оның арғы әжесі тұрған, кейіннен әжесі мен атасы, одан соң әкесі-анасы, ал біраз уақыт бойы өзі де отбасымен бірге осы үйде өмір сүрген.

"Анам тірі кезінде бұл үйден көшкісі келмейтін, бірақ үйдің жағдайы өте нашар еді. Қыста пеш жағып отыруға тура келетін, ал күндіз үйде ешкім болмаса, пәтер тек түн ортасында ғана жылынатын. Мұндай жағдай күн сайын қайталанатын. Ал жазда, керісінше, пәтер айтаарлықтай ыстық болатын", – дейді Сергей Галин.

Сурет: Zakon.kz

Жақында Галиндер отбасын жаңа пәтерге көшіріп, оларға жайлы әрі кең тұрғын үй берілді. Сергейдің айтуынша, жаңа пәтер бұрынғысынан әлдеқайда кең әрі ыңғайлы, енді ескі үйдегі қиындықтар артта қалды.

Алматы қаласында апатты жағдайдағы үйлерді реновациялау бағдарламасы 2030 жылға дейін жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында 1 366 апатты үйдің жартысы – 676 үй – бұзылып, олардың орнына жаңа тұрғын үйлер салынады. Бұл үйлердің көпшілігі – 1950-жылдары салынған екі қабатты каркас-қамысты үйлер, олардың пайдалану мерзімі 50 жылды құрайды. Қазіргі таңда бұл үйлер тұруға жарамсыз.

Сурет: Zakon.kz

Айта кету керек, үйлердің тозу дәрежесін арнайы сараптамалық ұйым анықтайды, ол ғимаратты мұқият тексеріп, барлық зерттеуден кейін ғана түпкілікті шешім қабылданады – қалдыру немесе бұзу керек екенін.

"Бағалау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі: ғимараттың салынған жылы, қабат саны, қабырғалардың материалы, күрделі жөндеу жүргізілген бе, сондай-ақ үйдің жер сілкінісіне қаншалықты төзімділігі. Барлық мәліметтер зерттеліп, егер олар қанағаттанарлықсыз болса, үй реновация бағдарламасына қосылады, тозу дәрежесі анықталып, кейін бұзу жұмыстары басталады", – деп хабарлады Алматы қаласы құрылыс басқармасы.

Сурет: Zakon.kz

Алматыда реновация бағдарламасы екі рет жүзеге асырылды. Оның аясында 180-нен астам апатты үй сүрілді, 1600-ден астам алматылыққа заманауи пәтерлер берілді. Бірнеше жыл ішінде жаңа және жайлы тұрғын үйді тағы 7000-нан астам меншік иелері алады.

Бұған дейін Астанада бірқатар көше уақытша жабылатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: