Алматыда жалға берілген үй қарасора зертханасына айналған

Полиция, Алматы, жалға беру, тұрғын үй, қарасора, зертхана , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 13:53 Сурет: pexels
Алматыда үй иелері уақытша баспанада тұрып, негізгі ғимаратты қарасора өсіруге бейімдеген. Заңсыз әрекетті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адам ұсталды.

"Үйді тінту кезінде полиция қызметкерлері құмыраларға егілген, марихуанаға тән иісі бар 93 түп өсімдік пен өзіне тән иісі бар зат салынған пакетті тәркіледі. Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел қызметкерлер есірткіні өткізу арналарының бар-жоғын анықтап жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ бұл плантацияны ұйымдастырған адамдар мен өсірілген өнімнің кімге арналғаны тексерілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: