Балалар ойыншығына есірткі жасырып, сатпақ болған өскемендік сотталды

Балалар ойыншығына есірткі жасырып, сатпақ болған өскемендік сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 18:46 Сурет: polisia.kz
Өскемен қаласында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі құралдарын заңсыз сатты деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктіге жеке тексеру жүргізу кезінде оның қалтасынан балалар ойыншығына арналған футляр табылып, ішінен есірткі тұтынуға арналған құрылғы шықты. Сонымен қатар санкция бойынша жүргізілген тінту кезінде оның автокөлігі мен тұрғылықты мекенжайынан марихуана салынған полиэтилен пакеттері тәркіленді. Сараптама қорытындысы алынған есірткінің жалпы салмағы 30 грамм екенін көрсетті.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың бұған дейін есірткі затын ақшаға сатқан фактісі де анықталды. Осы дерек бойынша көлік полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.

2025 жылғы 21 сәуірде Өскемен қалалық сотының үкімімен құқық бұзушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: