ҰҚК синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті

ҰҚК синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2025 10:52 Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Астана және Алматы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасын ұйымдастырған адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар Алматы облысы бойынша ҰҚКД жедел қызметкерлері прокуратураның көмегімен есірткінің ірі партиясы бар қойманы тапты.

Есірткі затын сақтады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстанның азаматы қамауға алынды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, есірткі аймақта жұмыс істейтін ірі есірткі дүкенінің мүддесі үшін интернет арқылы сатылған.

Осы іс-шаралардың нәтижесінде 18 келі психотроптық заттар мен 500 литрден астам прекурсорлар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: