Астанада нейрохирургтар үш айлық сәбидің миынан үлкен ісікті алып тастады

Баланың анасы Айбаттың айтуынша, қыз уақытында туып, қалыпты дамыды. Алайда, сәбидің екі айлығында жиі құсу, ембеу, терісінің көгеруі және қатты мазасыздық симптомдары пайда болған.
Дереу педиатрға жүгінген ата-ана, содан кейін невропатологқа да қаралған. Ультрадыбыстық зерттеуде төбе-қарақұс аймағында сұйықтық түзілуі анықталды, ал кейінірек жүргізілген КТ сол жақ төбе бөлігінде көлемді ісік барын растады. Содан кейін МРТ мидың функционалды маңызды аймақтарында орналасқан 5,6× 4,2 см көлеміндегі ісікті көрсетті.
Құзырлы министрлік балалар нейрохирургтары Дмитрий Сурдин, Әлібек Жарасов және басқарма төрағасының орынбасары Асылбек Қалиевпен кеңескеннен кейін шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдағанын нақтылайды. Бала балалар нейрохирургиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Ғабит Өлеңбайдың айтуынша, операция өте күрделі болды: ісік баланың миының жартысына жуығын алып жатты, қан жоғалту қаупі өте жоғары болды. Дегенмен, командалық жұмыстың, заманауи әдістерді қолданудың және Орталықты жабдықтаудың жоғары деңгейінің арқасында операция сәтті өтті.
"Ісікті алып тастауды біз микрохирургиялық әдіспен жасадық. Қазір қыз бала операциядан кейінгі емдеуден өтіп жатыр және өзін жақсы сезінеді. Құспайды және жалпы жағдайы жалпы жақсарып келеді", - деді Ғабит Өлеңбай.
"Мен бәріне дайын болдым, қандай қауіптер барын түсіндім. Бірақ керемет жағдай болды - менің қызым тірі, бәрі жақсы. Дәрігерлерге, әсіресе Дмитрий Андреевич Сурдинге, барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын. Қызымдың өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін рахмет!".Сәбидің анасы
Сонымен қатар, операцияда анестезиологтар мен трансфузиологтар да ерекше рөл атқарды, өйткені наркоз және осындай кішкентай пациенттің жағдайын бақылау аса дәлдік пен назар аударуды қажет етеді.
Команда құрамында анестезиолог-реаниматолог Айгүл Жанделдинова, мейіргер-анестезист Гүлзира Дәукенова, трансфузиолог Ербол Қуанышев және операциялық мейіргер Алуа Дәукенова да болды.
Бұған дейін Испанияда коронавирус жұқтырудан қорқып, төрт жыл бойы балаларын қамап ұстаған отбасы анықталғанын жазғанбыз.