Ел халқының 76,4% президент Тоқаевқа сенеді – сауалнама

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 13:09 Фото: Zakon.kz
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 73,3 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚСЗИ сайтында 2025 жылғы 5 мамырда жарияланған ақпаратта айтылғандай, мемлекеттік бастамаларды қолдаудың ең жоғары деңгейі жастар арасында –18-29 жас аралығындағы респонденттердің 82%-ы қолдаған.

"Бір қызығы, ерлерге (71,1%) қарағанда әйелдер елдің дамуына (75,3%) оптимистік көзқарас білдіруде", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Қоғамдық көңіл-күйдің маңызды көрсеткіші – халықтың ел Президентіне деген сенімі. Қоғамдық пікірді зерттеу нәтижесі бойынша ел халқының 76,4% Мемлекет басшысына сенім білдірді.

"Президентке деген сенімнің жоғары деңгейі жастар арасында – 84,6%, әйелдер арасында – 78,1% (ерлерде – 74,5%) байқалды. Ауыл және қала тұрғындарының сенім деңгейінде елеулі айырмашылық байқалмайды – тиісінше 76,8% және 76,1%", – деп атап өтті ҚСЗИ.

Бұл ретте респонденттердің жартысынан астамы – 60,8% елдің алдағы бес жылдағы даму болашағын "өте дұрыс" және "едәуір дұрыс" деп бағалайды.

Бұл әлеуметтік оптимизм өмірге қанағаттану сияқты қоғамдық көңіл-күйдің көрсеткішінде де көрінеді. "Жалпы, сіз өз өміріңізге қаншалықты қанағаттанасыз?" деген сұраққа респонденттердің 57,3%-ы "толығымен қанағаттанамын" деп есептесе, 32,8%-ы "едәуір қанағаттанамын" деп жауап берген.

Сондай-ақ респонденттер елдің саясаты, экономикасы және қоғамдық өмірі туралы ақпаратты желілік БАҚ-тан (30,3%) және әлеуметтік желілерден (34,7%) алғанды жөн көретінін атап өтті.

18 жастан асқан 8 мың респондент қатысқан зерттеу 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыды. Сауалнама 2025 жылдың 20 наурызы мен 20 сәуірі аралығында халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымын көрсететін іріктеу бойынша жеке сұхбаттарды (CAPI) пайдалана отырып жүргізілді.

Осыған дейін Қазақстан қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Нұрбек Мәтжани жүргізіліп жатқан зерттеулер мен қоғамның көңіл-күйін өлшеудің әдіс-тәсілдері туралы айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: