Кеден бекеттерінде "қызыл түйме" пайда болды: ол не үшін қажет

Кеден бекеттерінде "қызыл түйме" пайда болды: ол не үшін қажет , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 10:03 Сурет: ҚР ҚМ МКК
Мемлекеттік кірістер комитеті барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарына "қызыл түйме" орнатты — QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК Төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады. Толығырақ ақпаратта.

Ведомствоның 2025 жылғы 6 мамырда таратқан ақпаратына сүйенсек, бұл құрал — кеден қызметтерін алу кезінде туындайтын қиындықтарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.

"Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар. Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады",- делінген ақпаратта.

Кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

Бұған дейін Алматыда биыл 800 экоавтобус сатып алынатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: