Вьетнамдық компания Қазақстанда әуежай сатып алмақшы

Вьетнамдық компания Қазақстанда әуежай сатып алмақшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 11:44 Сурет: vietjetair
Вьетнамдық SOVICO Group компаниясы Қазақстандағы әуежайлардың бірін басқаруға алуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 6 мамырда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламмен болатын кездесу қарсаңында айтты.

"Вьетнам – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі серіктестеріміздің бірі. 2023 жылы тауар айналымы шамамен 1 миллиард долларды құрады. Кейін объективті себептерге байланысты біраз төмендеді. Соңғы жылды 879 миллион доллармен аяқтадық. Біз негізінен Вьетнамға жартылай фабрикаттарды – мырыш пен қорғасынды көп мөлшерде экспорттаймыз. Ал олардан тұрмыстық техника мен өңделген тауарларды аламыз. Айта кету керек, Вьетнамда бұл сала жақсы дамыған", – деді ол.

Ол Вьетнамның индустриалды аймақтарын аралап, олардың даму деңгейін бағалағанын атап өтті.

"Онда жапондық, оңтүстіккореялық компаниялар жұмыс істейді, олар өз өндірістерін құрған және жағдайлары өте жақсы. Біз олардан көп нәрсе үйренуіміз керек. Бірақ, жалпы айтқанда, сонау кездерден бері біздің ынтымақтастығымыз өте жақсы дамып келеді. Сіздер білесіздер, Қазақстан Президентінің Вьетнамға сапары барысында вьетнамдық SOVICO Group компаниясы бізден Qazaq Air әуе компаниясын сатып алды. Ол мұнда дамиды. Жақында олар тағы да келді, мен олармен кездестім. Сонымен қатар, олар әуежайды сатып алу мәселесін қарастырып жатыр, себебі әуе компаниясына базалық әуежай қажет. Бұл компания өте үлкен, қарқынды дамып келе жатыр және халықаралық компаниялармен көптеген келісімшарттар жасауда. Бұл жағдайда үлкен жұмыстар жасалмақ", – деп түсіндірді Жұманғарин.

Бұған дейін Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: