Астанадағы әскери шеру: 7 мамырда қай көшелер уақытша жабылады

Военный парад, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 13:45 Фото: akorda.kz
Астанада 7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру өтеді. Осыған байланысты, 7 мамырда бірқатар көшеге уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің ақпаратына сүйенсек:

  • 7 мамыр, таңғы сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 – Ақжол даңғылы – Р.Қошқарбаев даңғылы – Аманжолов көшесімен Р.Қошқарбаев даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін Аманжолов көшесі арқылы жеке құрам тасымалданады.
  • Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін – Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы, Қ.Қуанышбаев көшесінің А.Байтұрсынұлы көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі тұрақ, Нұрмағанбетов көшесінің оң жағы, автобус тұрақтары жеке құрамды тасымалдау үшін
  • Сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін – Панфилов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Нұрмағанбетов көшесіне дейін) және Нұрмағанбетов көшесі (Панфилов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейін) салтанатты шеруден кейін тиеуге арналған ауыр жүк тралдарына арналған тұрақ.

Қосымша, сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлынан Панфиловқа дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналастырылады.

Сонымен қатар, сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін "Astana Music Hall" автотұрағының (Құмыра) аумағында Б.Момышұлы даңғылы, 1 бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.

Күн әскерилердің оралуымен аяқталады: сағат 12: 30 – дан 14: 00 — ге дейін, техника мен автобустар Панфилов көшесі — Нұрмағанбетов көшесі — Қошқарбаев даңғылы – Ақжол даңғылы – А-334 көшесі арқылы орналасу пунктіне қайтады.

"Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілер бойынша жүру немесе уақытша белгілерді ұстану жөнінде кеңес беріледі",- делінген ақпаратта.

Әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында шеру өтетін орындардағы кейбір учаскелерде бағдаршам нысандары консольдерінің жоғарғы бөлігі бұрылатын болады. Аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданады.

Бұл күні (7 мамыр) келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: №№ 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504.

Жолаушылардан жүру бағытын алдын ала жоспарлау және Instagram-дағы "City Transportation Systems" ресми парақшасы – @cts_kz арқылы өзекті ақпаратты қадағалау сұралды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: