"Азық іздеп жүр": Ақтауда шибөрі қаптады

Ақтау қаласының тұрғындары 15-шағынауданда қас қарайысымен көше кезіп жүрген шибөріні байқап, бейнетаспаға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандар lada.kz тілшісіне жабайы жануардың шибөрі болуы мүмкін екенін айтқан.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, ECOJER өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов видеодағы жануар дала жақтан азық іздеп келген деп болжап отыр.
Бұл — қалада жыртқыш жануардың жүруі алғаш рет тіркелген жағдай емес. Бұған дейін сәуір айында да дәл осы 15-шағынауданда осыған ұқсас жыртқыштар екі күн қатарынан байқалған. Ол кезде Қозыбақов:
"Бұл жыртқышты шибөрі (шакал) деу қисынсыз, өйткені шибөрі – үркек жануар, адаммен кездеспеуге тырысады. Мұның гибрид – яғни, ит пен шибөрінің буданы болуы әбден мүмкін. Бірінші буындағы төлдің сыртқы келбеті көбіне шакалға ұқсас келеді, бірақ иттің гені олардың адамнан қорқу инстинктін әлсіретіп жіберуі мүмкін" – деп түсініктеме берген болатын.
Бұған дейін Алматы облысында жыртқыш қабандар үйірі фото-тұзаққа түсіп қалғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript