Ақтауда қас қарайысымен көшелерде шибөрі тектес жыртқыштар кезіп жүр

Ақтау көшелерін қас қарайысымен шибөрі тектес жыртқыштар кезіп жүр , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 09:21 Сурет: pixabay
Ақтауда 15-шағынауданның тұрғындары екі күн қатарынан қарсакқа ұқсас жануарлар келіп жүргенін айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Каспий самалы" тұрғын үй кешеніні тұрғындарының айтуынша, екі түн қатарынан №66 үйдің маңында қарсаққа ұқсас жануарлар жүрген. Lada.kz таратқан видеоға қарағанда, жануарлар адамдардан секем алып, жақындамауға тырысады.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, ECOJER қауымдастығы өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, бұл жануар қарсақ емес, одан ірілеу.

"Бұл жыртқышты шибөрі (шакал) деу қисынсыз, өйткені шибөрі – үркек жануар, адаммен кездеспеуге тырысады. Мұның гибрид – яғни, ит пен шибөрінің буданы болуы әбден мүмкін. Бірінші буындағы төлдің сыртқы келбеті көбіне шакалға ұқсас келеді, бірақ иттің гені олардың адамнан қорқу инстинктін әлсіретіп жіберуі мүмкін" – деп пайымдады сарапшы.

Оның айтуынша, жануарлар азық іздеп даладан келген болуы керек. Олар көбінесе кеміргіштермен қоректенеді.

Бұған дейін Түркістан облысында қар барысының көбейе түскендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: