Тоқаев парадқа қатысқан әскери қолбасшылармен бірге суретке түсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі 2025 жылы 7 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад кезінде түсірілген суреттер мен видеомен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

Сурет: akorda.kz
"Қасым-Жомарт Тоқаев парадқа қатысқан әскери қолбасшылармен суретке түсті", делінген фотосурет сипаттамасында.
Сондай-ақ баспасөз қызметі Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта сөйлеген сөзінің видеосын да жариялады.
Әскери парадқа бір топ ардагер арнайы қатысты. Бүгінгі мерекеде майдангерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
пвапвпа
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript