Ақтөбеде 28 жыл құжатсыз жүрген әйел алғашқы төлқұжатын алды

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, паспорт, цифровые документы, удостоверение личности, ЭЦП, электронная цифровая подпись  Мобильное приложение eGov mobile, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 15:47 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 5 мамырда өзінің 48 жасқа толуына бір күн қалғанда, Светлана Свинкова алғаш рет Қазақстан Республикасының төлқұжатына ие болды.

Бұл күн ол үшін ерекше және есте қаларлық оқиғаға айналып, 30 жылға жуық құжатсыз өмір сүрген кезеңді артта қалдырды.

Светлана Свинкова 1977 жылғы 6 мамырда Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында дүниеге келген. Алғашқы төлқұжатын да сол жерде алған. Мектепті аяқтаған соң ол Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында қоныс аударған.

1993 жылы оның Тәжікстан төлқұжатының мерзімі аяқталып, содан бері ол өзіне жаңа құжат ресімдемеген. 2024 жылдың соңында Светлана Александровна Ақтөбе қаласының көші-қон қызметіне құжаттарын қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінді.

Көші-қон полициясының қызметкерлері оның жеке басын анықтап, архивтік мәліметтерді қалпына келтіріп, азаматтығы жоқ адамның құжатын ресімдеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.

Барлық рәсім аяқталған соң, 2025 жылғы 5 мамырда оған Қазақстан Республикасының алғашқы төлқұжаты табысталды. Светлана үшін көптен күткен құжатты алу аса әсерлі, әрі қуанышты сәтке айналды.

"Бұл мен үшін нағыз мереке. Енді жаңа өмір бастаймын. Үлкен рақмет, сіздерге денсаулық тілеймін. Туған күнімде маған керемет сыйлық жасадыңыздар", – деп, Ақтөбе қаласының көші-қон полициясы қызметкерлеріне кәсібилігі мен жанашырлығы үшін шын жүректен алғысын жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: