Сербия Президенті биыл Астанаға келмекші

Сербия Президенті биыл Астанаға келмекші, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 20:32 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Белградқа жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, оның екі ел достығын нығайтудағы және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы маңызына тоқталды. 

Сапар аясында сауда және инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру, жасанды интеллект, сондай-ақ әскери қорғаныс өнеркәсібі салаларына қатысты келісімдерге қол қойылған болатын.

Александр Вучич Сербияның Қазақстанмен стратегиялық серіктестік аясын одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға қос тарап та бейіл екенін растап, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелерді Сербия Президентінің биыл Астанаға жоспарланған сапары кезінде талқылауға келісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: