Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға Сербия президенті ресми сапармен келеді
Фото: unsplash
26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 25 ақпанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript