Алматыда бүгін қай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда бүгін қай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2025 10:34 Сурет: Zakon.kz
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда гүл шоқтарын қою салтанаты өтетіндіктен, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Қонаев – Жібек жолы – Қазыбек би – Бәрібаев көшелері шектелетін аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта автотұрақ та уақытша жабылады.

Сондай-ақ, осы уақыт аралығында Гоголь көшесі Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Қонаев көшесіне дейін толықтай жабылады.

"Осы кезеңде көліктерді бұл көше бойында қалдырмауды сұраймыз", - деп ескертті қала әкімдігі.

Іс-шараға қатысушыларға ыңғайлы болу үшін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан келесі бағыттар бойынша біржақты тегін тасымалдау ұйымдастырылады:

  • Достық даңғылы (Төле би және Қазыбек би көшелерінің арасы) – Абай алаңы – Орталық стадион;
  • Қалдаяқов көшесі (Гоголь көшесінің оңтүстігінде) – Халық Арена;
  • Гоголь көшесі (Қонаев көшесінің бұрышы) – Райымбек батыр даңғылы / Абылай хан көшесі;
  • Қонаев көшесі (Гоголь мен Қазыбек би көшелерінің арасы) – "Сәлем" базары;
  • Гоголь көшесі (Қалдаяқов көшесінен батысқа қарай) – Алматы Арена.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 9, 10 және 11 мамыр күндері қандай іс-шаралар өтетінін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: