Жаңа Салық кодексі: енді кәсіпкердің аз мөлшердегі салық берешегі үшін банктік шоттар бұғатталмайды

Қазақстанда әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексі шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар жеңілдікті қарастырады. Енді салық берешегі 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) төмен болған жағдайда, кәсіпкердің банктік шоттары бұғатталмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолданыстағы нормалар бойынша 1 теңгеден астам берешек үшін де шоттарға шектеу қойылуы мүмкін еді. Ал жаңа жобада сараланған тәсіл ұсынылып отыр. Атап айтқанда:
- 20 АЕК-ке дейінгі берешекке тек ескерту жасалып, өсімпұл есептеледі, басқа шаралар қолданылмайды;
- 20-45 АЕК аралығында – ескерту мен өсімпұлға қоса, шоттар уақытша бұғатталып, инкассалық өкімдер қойылады;
- 45 АЕК-тен жоғары берешек жағдайында, мүлікті тәркілеу, шетелге шығуға шектеу қою, қажет болса банкроттық рәсімдері де іске қосылады.
Бұл өзгерістер бизнеске қысымды азайтып, кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындауға уақыт беруді көздейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript