Түркістанда полицейлер көліктен шыққан өртті сөндіріп, жүргізушіні құтқарды

Түркістанда полицейлер көліктен шыққан өртті сөндіріп, жүргізушіні құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2025 17:51 Сурет: видео скрині
Бүгін, 9 мамырда Түркістандағы Тәуке хан көшесінде көліктердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқиға бойынша әлеуметтік желілерде түрлі видео таралып, сол сәтте өртті сөндірген полицейлердің әрекеті елді сүйсінтті.

Нақтырақ айтсақ, бағдаршамға тоқтап тұрған Nexia автокөлігінің қозғалтқыш жүйесінен бірден өрт шыға бастады. Бір сәтте шарпып кетуі мүмкін тілсіз жауды полицейлер дер кезінде ауыздықтауға көмектесті.

Патрульдік полиция инспекторлары Жандос Сапарбеков пен Сауат Икрамхан өздерінің қызметтік көліктеріндегі өрт сөндіру құралын алып, бірден шашып, жалынды тоқтатты. Жедел әрекет еткен полицейлердің іс-әрекетінің нәтижесінде көлік жүргізушісінің өміріне, басқа да жанындағы көліктерге қауіп төнбеді.   

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: