Дрондар шоуы: алматылықтар аспаннан cоғыс қаһармандарын көрді

Дрондар шоуы: алматылықтар аспаннан cоғыс қаһармандарын көрді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2025 09:38 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жеңіс күніне арналған дрондар шоуын тамашалауға Абай алаңына 60 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 мамыр күні Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды дрондар шоуы болып өтті. Бұл әсерлі көрініс мерекенің шарықтау шегі. Осы сәтте 500-ден астам дрон көкке көтеріліп, жарық пен анимация арқылы ерлік пен жанқиярлықты, есте қалған ерлікке толы сәттерді баяндады. Шоу өткен Абай алаңына 60 мыңнан астам қала тұрғыны жиналды. Сондай-ақ, "Алматы" телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфир ұйымдастырылды.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шоудың ашылу сәтінде "80 • 1941–1945" деген жазуы бар жұлдыз пайда болды – бұл ерліктің символы әрі ұлы жеңіс жылдарын еске салатын белгі. Одан кейін аспанда жауынгер каскасы мен қызыл қалампырлар бейнеленіп, соғыста қаза тапқандарға құрмет көрсетілді. Ең әсерлі көріністің бірі – соғыстан оралмаған сарбаздардың рухын бейнелейтін ұшып бара жатқан тырналар композициясы болды.

Шоудың маңызды бөлігі қазақстандық қаһармандарға арналды. Аты аңызға айналған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың кезегі келгенде, Мәншүк – пулеметпен, Әлия – мылтықпен шықты. Сондай-ақ, жауынгерлік ұшақпен тұрған әйгілі ұшқыш Талғат Бигелдиновтың бейнесі де болды арасында. Халық қаһарманы, қолбасшы әрі жазушы Бауыржан Момышұлының тұлғасы батырлық пен қайсарлықтың символы ретінде жарыққа шықты.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бұдан өзге көріністерде Жеңіс туының көтерілу сәті, жұлдыз пішініндегі Мәңгілік алау мен "Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!" деген жазу бейнеленді. Шоудың ақтық сәтінде қазақы оюмен көмкерілген композиция мен жарқыраған "Жеңіс күні құтты болсын!" деген жазу көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Бұл жарық шоу – еске алу шарасы ғана емес, тарихи мұраны жаңа буынға жеткізудің жаңа тәсілі. Ол тарихты ұмытпай, оған мақтанышпен қарау керектігін еске салды.

Көрермендерге Абай алаңында, "Қазақстан" қонақүйі жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында арнаулы алаңдар даярланды. Шоу кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы дрондар шоуы Жеңіс күнін атап өтудің жарқын әрі есте қаларлық сәтіне айналды. Шоудың әсерін күшейткен әскери жылдардағы әндер мен патриоттық әуендер әр көріністің эмоциялық қуатын арттырып, көрермендердің көкейіне мақтаныш сезімін ұялатты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: