Астанада Sergek камерасы бар дрондар көшелерді патрульдей бастайды
Сурет: Sergek Group
Қазақстанда полиция жұмысына көмектесу үшін жаңа технологияларды сынақтан өткізу басталды. Мәселен, Астанада дрондар Sergek жүйесімен жабдықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sergek Group компаниясы 27 маусымда мәлімдегендей, бұл дрондар тәртіп сақшыларына нақты уақытта іздеуде жүрген көліктерді, құқық бұзушыларды, қарызгерлер мен алимент төлемейтіндерді анықтауға, сондай-ақ ақпаратты жедел түрде полиция қызметкерлерінің планшеттеріне жеткізуге мүмкіндік береді.
Сынақ аясында әзірлеушілер дрондарды әртүрлі сценарийлер бойынша – патрульдік бақылаудан бастап, нақты мекенжай бойынша іздеуге дейін – тексермек. Егер нәтижелер сәтті болса, бұл жоба басқа өңірлерге де таралуы мүмкін.
Бұған дейін Еңбек министрлігінің Қазақстандағы жаңа мереке туралы айтқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript