Алматы мен Астана ғана емес: пилотсыз такси тағы қай өңірлерде іске қосылады

Такси, таксист, таксисты, водитель, водители, водитель такси, водители такси, таксопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 15:36 Фото: pexels
Қазақстанда пилотсыз автокөліктерді сынақтан өткізу басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, қалалық ұтқырлық пен логистика саласында бірқатар инновациялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде пилотсыз такси жобаларын іске қосу көзделген.

Министрлік өкілдерінің пікірінше, ұзақ мерзімді перспективада бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша түсімдер әкелуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, 2026 жылғы 6 қаңтарда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бірінші орынбасары Ростислав Коняшкин Қазақстанда пилотсыз такси іске қосу мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: