Әскери парадқа қатысқан жауынгерлер Мәскеуден оралды

Әскери парадқа қатысқан жауынгерлер Мәскеуден оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2025 17:52 Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Иван Панфилов атындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің 37-ші бригадасының 80 әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшағымен Талдықорғанға оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жеңіс парадына қатысқан аға лейтенант Ерзат Қосын өз әсерін бөлісті:

"Мәскеудегі салтанатты шеруге қатысу – мен үшін зор мәртебе. Бұрынғы жылдары Қызыл алаңнан сарбаздар майданға аттанған. Ең ауыр соғыста олар рухының күші мен отансүйгіштігінің арқасында жеңіске жетті. Жеңіс үшін өмірін қиған жандардың рухына тағзым ету мүмкіндігі бұйырғанына мақтанамын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: