Темекі контрабандашыларынан үй, 9 көлік, VIP нөмірлер және 157 мың доллар тәркіленді

Семейде ірі көлемде темекі контрабандасымен айналысқан трансұлттық топтың үш мүшесіне үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің тергеушілері анықтағандай, сегіз адамнан тұратын топ, оның ішінде үш шетелдік азамат жалған құжаттарды пайдаланып, Қырғызстаннан 9,3 миллион қорап контрафактілік темекіні заңсыз әкелген.
"Темекі өнімдері Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарының аумағында сатылған. Сонымен қатар, қылмыскерлер тауардың бір бөлігін Ресейге шығармақ болған. Барлық заңсыз өнім айналымнан алынып, төленбеген акциз сомасы 2,6 млрд теңгені құрады", – деп жазылған ҚМА таратқан ресми ақпаратта.
Мүлікті тәркілеу мақсатында 9 автокөлік пен жеке тұрғын үйге тыйым салынды. Сонымен қатар, тергеу барысында сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті алдын ала тәркілеу туралы өтініштерді қанағаттандырды: 157 мың АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша және құны 840 мың теңге тұратын "777" VIP автонөмір тәркіленді.
"Сот үкімімен Д.Бекешев, Д.Сатыбалдиев, Д.Султанов ҚР ҚК 264-бабының 2-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу), 214-бабының 2-бөлігі 1) және 3) тармақтары (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және 166 млн теңге тұратын барлық тәркіленген мүлікті мемлекет меншігіне алынды", – деп атап өтті ведомства өкілдері.
Қалған 5 қатысушыға халықаралық іздеу жарияланған. Олардың бірі Ресей Федерациясы аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы өтініш тиісті органдарға жолданды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript