Еліміздің екі өңірінде 13 мамырда аптап ыстық болатыны болжанады

Аптап ыстық, ауа райы болжамы, Ұлытау облысы, Жетісу облысы, 13 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 19:59 Сурет: pixabay
Алдағы сейсенбіде, 2025 жылы 13 мамырда, тек Қазақстанның орталығында, шығысы мен оңтүстігінде ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Мұндай болжаммен "Қазгидромет" РМК мамандары бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық болады деп күтіледі: +35°С.

"Оңтүстік циклонның және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі және жел күшейіп, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте нөсер жаңбыр болады... Түнде және таңертең еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі", делінген болжамда.

Сондақ, гидрометеорологиялық орталық қолайсыз ауа райына да тоқталады:

  • жоғары өрт қаупі - Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан, Алматы облыстарының солтүстігінде, батысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында;
  • төтенше өрт қаупі - Қызылорда, Түркістан облыстарында, Маңғыстау өңірінің солтүстік-шығысында, батысында, Жамбыл облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжаған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: