"Жаңбыр және аптап ыстық". Синоптиктер еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады

Жаңбыр, ауа райы болжамы, 13 мамыр, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 22:44 Сурет: freepik
Синоптиктер 13 мамырда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні - 15 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Күңдіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың солтүтігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.  Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман болады, таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың батысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп болжанады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда да найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 13 наурызда еліміздің екі өңірінде аптап ыстық болатынын болжап, ақпарат ұсынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: