Неліктен субұрқақтарда шомылуға болмайды: Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндірмесі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2025 жылғы 13 мамырда азаматтар субұрқақтар жайлы не білу керек екендігін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Санитарлық дәрігерлер субұрқақта шомылуға тыйым салынғанын еске салды.
"Субұрқақтар қаланы абаттандыру элементтері екенін, олардың ауаны ылғалдандыруға арналғанын, бірақ шомылуға арналмағандығын есте сақтау керек. Субұрқақтағы су жиі жаңартылмайды. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылуы мүмкін, тиісінше әртүрлі инфекциялардың тасымалдаушысы бола алады",- делінген ақпаратта.
Мамандардың айтуынша, судағы ауа температурасы жоғары болған кезде микроорганизмдер тез көбейеді.
"Сондықтан субұрқақта шомылу суық тиюге ғана емес, сонымен қатар жедел ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке әкелуі мүмкін. Ең үлкен қауіп – энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті",- деп ескертті санитарлық дәрігерлер.
Мамандар ересектер мен балалар төмендегідей ұсыныстарды ескеруі қажет екенін айтты:
- қалалық субұрқақтар шомылуға немесе зат жууға арналмаған;
- үйден серуендеуге шыққанда, өзіңізбен бірге бір бөтелке су ала шығыңыз – ішу үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген уақытта сергіп, қолдарыңызды бен бетіңізді шаю үшін;
- ауа-райына сәйкес киініңіз, қызыну кету ықтималдығы әлдеқайда төмен болады;
- шомылу үшін тек рұқсат етілген су объектілері мен бассейндерді пайдаланыңыз;
- ата-аналар балаларға субұрқақта шомылудың неге қауіпті екенін түсіндіруі керек.
Бұған дейін Жамбылда шегіртке шектен тыс көбеюі мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript