Тағы да айыппұл: Министр қантты жоғары бағамен сататын делдалдармен күрес қалай жүріп жатқанын айтты

Ярмарка, сахар, мешки сахара, мешок сахара, свекловичный сахар , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 15:07 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 13 мамырда өткен Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров елдегі қант бағасының негізсіз өсуіне қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, 2025 жылы Қазақстанда қант қызылшасының өндірісі екі есе артып, 128 мың тонна қант өндірілген. Қазіргі уақытта оның 30–40%-ы сатылып, қалғаны қоймаларда сақтаулы.

"Сауда министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жұмыс тобы бұл мәселені бақылауда ұстайтын болады. Әдетте баға делдалдардың есебінен өседі. Зауыттан шыққан қанттың көтерме бағасы 350–370 теңге/кг, логистика шығындарын қосқанда, ол 400–420 теңге/кг болады. Алайда, бөлшек саудада бағаның 15%-дан артық көтерілуі негізсіз деп есептеледі. Сондықтан, министрлік делдалдардың үстеме бағасын тексеріп, 15%-дан жоғары болған жағдайда, сауда орындарына айыппұл салу шараларын қолдануды жоспарлап отыр",- деді Айдарбек Сапаров.

Ол министрліктің баға мониторингіне сәйкес республикадағы қанттың орташа бағасы бір кг үшін 388 теңгені құрайтынын атап өтті.

Бұған дейін Жамбылда шегіртке шектен тыс көбеюі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: