Ақмола облысында экс-әкім сотталды: ол не үшін кінәлі деп танылды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 16:33 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысы Сергеев ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қайрат Қожахметов бөгеттің жарылуына жол беріп, нәтижесінде ауылдағы үйлерді су басқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атбасар аудандық сотының 2025 жылғы 13 мамырда таратқан ақпаратына сүйенсек, Қожахметов абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметіне немқұрайлы қарауы салдарынан міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін айыпталды (ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігі. Салғырттық).

"Сергеев ауылдық округінің әкімі Қожахметов абайсызда міндеттер мен нұсқауларды тиісінше орындамауы нәтижесінде бөгеттің жарылуына жол берген, нәтижесінде Самарка ауылының 19 тұрғын үйі мен аумақты су басуына әкеп соқтырды. Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жергілікті бюджеттен 8 млн.теңге төленді. Осылайша, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірілді",- делінген ақпаратта.

Самарка ауылындағы ГТҚ-нің жай-күйіне жауапты тұлға бола тұра, Қайрат Қожахметов Есіл бассейндік инспекциясы мен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі Комиссияның су өткізу үшін гидротехникалық құрылысты транзиттік режимге ауыстыру туралы тапсырмаларына қарамастан, бөгеттегі судың өткізу қабілетін арттыру бойынша шара қабылдамаған.

"Сот үкімімен Қожахметовті мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығын айыра отырып, пробациялық бақылау белгіленумен 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды. Азаматтық талап қоюды қанағаттандыру мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға берілді".

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: