Ақмола облысында көлік инспекциясының экс-басшысы мен бір топ жүргізуші жемқорлық бабымен сотталды
Сурет: Zakon.kz
Көкшетау қалалық соты Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Аталған іс бойынша бұрынғы инспекция бөлімінің басшысы, делдал және тоғыз жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында лауазымды тұлғаның делдал арқылы тиісті рұқсат құжаттары жоқ, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын өрескел бұза отырып мұнай өнімдерін тасымалдауға жалпы қамқорлық көрсеткені үшін жүйелі түрде пара алғаны анықталды.
Сот барлық фигуранттарды пара алу және беру дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Көлік прокурорының өтінішхатын қанағаттандырып, сот Көліктік инспекциядағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің атына жеке ұйғарым шығарды.
"Сот процесі инспекция қызметкерлерінің қатысуымен ашық түрде өтті. Бұл сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болды", деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.
Сот үкімімен:
- бөлім бастығына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкін тәркілеусіз, параның 35 есе мөлшерінде (7 млн теңгеге жуық) айыппұл салынды;
- делдалға мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкін тәркілеусіз, параның 15 есе мөлшерінде (3,1 млн теңге) айыппұл салынды;
- жүргізушілерге мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкін тәркілеусіз 225 мыңнан 675 мың теңгеге дейінгі аралықта айыппұлдар салынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін СҚО-да жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан шетелдік анықталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript