СҚО-да жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан шетелдік анықталды

Заңсыз тасымал, СҚО, жолаушылар, шетелдік азамат, шағын автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 18:47 Сурет: polisia.kz
"Қызылжар" автокөлік өткізу бекетінде полицейлер 41 жастағы шетел азаматын кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүргізу кезінде ұстады. Ол Петропавлдан Түменге дейін Honda шағын автобусымен алты қазақстандықты тасымалдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, тіркеусіз және сақтандырусыз жұмыс істейтін заңсыз тасымалдаушылар жолаушылардың өмірі мен денсаулығына жауап бермейді.

"Әдетте, олардың таңдауы түсетін шағын автобустар жеңіл көліктерге қарағанда екі есе көп жолаушыны тасымалдайды. Бұған қоса, тәжірибе көрсеткендей, табысқа ұмтылған "көлеңкелі тасымалдаушылар" демалыссыз жолға шығып, шаршаңқы күйде көлік жүргізеді. Шетел азаматы жауапқа тартылды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

20 тамызда басталған облыстық "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде ғана полицейлер Солтүстік Қазақстан жолдарында 600-ден астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 7 жағдайда жүргізушілер көлікті мас күйінде басқарса, 5 жағдайда көлік жүргізу құқығынан айырылғандар рөлге отырған. 

Айта кетсек, 2025 жылғы 19 тамызда сағат 16:00 шамасында Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында Toyota маркалы көліктің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан 10 метр қашықтықта тұрған алты баланы қағып кеткен. Салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, біреуі медициналық мекемеге барар жолда қайтыс болды. Тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: