Екібастұзда велосипед тепкен жас баланы көлік қағып кетті

Екібастұзда велосипед тепкен жас баланы көлік қақты. Ол жабық бас миының жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамырда Бұқар жырау және 15-ші Оңтүстік өткел көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz 140 маркалы көлігінің жүргізушісі реттелмейтін қиылыста жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, кәмелетке толмаған велосипедшімен соқтығысты. Оқиға кешкі сағат 20:26-да орын алды. Жедел жәрдем бригадасы жол апаты болған мекенжайға шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шықты.
"2016 жылы туған ер бала зардап шекті. Ол жабық бас миының жарақаты, бел аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруімен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.
Mercedes-Benz 140 маркалы көлік айып тұрағына қойылды. Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тексеріс ашты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript