Астанада конкурдан Еуразиялық лига аясындағы Әлем кубогының кезеңі өтеді

Астанада конкурдан Еуразиялық лига аясындағы Әлем кубогының кезеңі өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 18:42 Сурет: olympic.kz
30 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанадағы "Арғымақ" ат спорттық сауықтыру кешенінде ат спорты бойынша халықаралық жарыстар өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан астанасында конкурдан Еуразиялық лига аясындағы Әлем кубогының кезеңі және атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир өтеді.

Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI) аясында өтетін бұл жарыстарға жақын және алыс шетелдердің ұлттық құрамалары қатысады. 

Үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын маршруттар мен атпен жүруден өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: