Астанада көлік көп жүретін көшелердің бірі уақытша жабылады

Астанада көлік көп жүретін көшелердің бірі уақытша жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 20:39 Сурет: Zakon.kz
Астананың оң жағалауында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көшенің бір бөлігін толық жабады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың rөлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Абылай хан даңғылы мен Б. Майлин көшесінің қиылысында жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Осыған байланысты 13 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 14 мамыр сағат 07:00-ге дейін аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы мүмкін өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: