Алматы облысында тұрғынды қомақты қаржыға алдап соққан күдікті ұсталды

Алматы облысында тұрғынды қомақты қаржыға алдап соққан күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 21:29 Сурет: Zakon.kz
Құқық қорғау органдары алаяқтық фактісі бойынша 31 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және полиция бөліміне жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеудің басталуына Исаев ауылы тұрғынының арызы негіз болды. Жәбірленушінің айтуынша, биылғы сәуір айында ол өзін жер телімінің иесі ретінде таныстырған бейтаныс адамға 13 миллион теңге көлемінде ақша берген. Күдікті учаскені ресми түрде рәсімдеп беремін деп уәде етіп, кейін хабарсыз кеткен.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жасалатын алаяқтық – кең таралған қылмыс түрлерінің бірі. Полиция тарапынан алдын алу шаралары үнемі жүргізіліп жатқанымен, азаматтар әлі де алаяқтардың арбауына түсіп отыр.

Полиция тұрғындарды қырағы болуға, мәміле жасамас бұрын барлық құжаттарды мұқият тексеруге және заңды кепілдіксіз бейтаныс адамдарға қомақты қаржы беруден бас тартуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: