Маңғыстау облысында жол апатынан бес жасөспірім зардап шекті

Маңғыстау облысында жол апатынан бес жасөспірім зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 22:44 Сурет: видео скрині/КТК
Маңғыстау облысында жол апатынан бес жасөспірім зардап шекті. Тізгінде кәмелетке толмаған бозбала болған. Ол рульге ие бола алмай, көлік бірнеше рет аударылған. Апаттан көп жарақат алған үш қыз облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, көлікті тізгіндеген жасөспірімнің ата-анасы басқа қалаға шипажайға кетіпті.

Үйдегі үлкендердің жоқ екенін пайдаланған ол, көлігімен қыздарды қыдыртпақ болған. Алайда арты қайғылы жағдайға ұласып, оқушылар мінген көлік апатқа түскен. Бәрі бір ажалдан аман қалды.

Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ал жансақтау бөлімінде жатқан 16 жастағы қыздың бірнеше жері сынып, миына зақым келген. "Жағдайы өте ауыр" дейді дәрігерлер.


"2010 жылы туған қыздар травматология бөлімшесінде жатыр. Олардың желкесі, иығы сынған. Одан бөлек, бет, оң жақ тізе буындары бірнеше жерден сынған. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Жалпы, науқастар есін біледі", - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жұлдызай Қалиева.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: