Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен әкімнің соты басталды

Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен әкімнің соты басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 23:10 Сурет: КТК телеарнасы
Ақтөбеде жұлынған қызғалдақпен суретке түскен әкімге қатысты сот басталды. Құдайберген Жұбанов ауылының басшысы Ләззат Бердібаеваға "балаларына дұрыс қарамаған" деген айып тағылып отыр. Себебі Қызыл кітапқа енген гүлді қыздары жұлған екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, 34 жастағы әйел отбасымен демалыс кезінде қызғалдақпен дереу суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялаға. Осыдан кейін резонанс басталған. Өйткені қызғалдақ Қызыл кітапқа енген. Сол гүлді жұлған балалары үшін енді сотта жауап беріп жатыр.

"Далада ешбір ескерту тақтайшасы болмады" дейді әкім.

Ол балаларының мектебінен және өзі басқаратына ауыл ақсақалдарынан мінездемесін сотқа қоса алып келген.

Сотта түрін суретке және видеоға ашық түсіруге қарсы болды.

"Мен балаларыммен бірге табиғат аясында болдым. Оларды қараусыз қалдырған жоқпын. Дастарқан жаямын дегенше, шамамен 5-7 минут аясында қолында гүлмен келді. Анасын қуантпақшы болған баланы "дала гүлін жұлды" деп айыптау негіз емес".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: