Қамқоршылардың өмірін жеңілдетті: eGov.kz порталында тиімді функция пайда болды

eGov.kz порталында жаңа функция іске қосалды. Енді қорғаншылар мен қамқоршылар портал арқылы өздерінің қамқорлығындағы азаматтардың мүлкіне билік етуге және әлеуметтік төлемдерге рұқсат ала алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҰАТ" АҚ таратқан ақпаратқа сүйенсек, көрсетілетін қызмет сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған.
"Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы электрондық өтініш беру процесі жеңілдетілді. Қажетті мәліметтер цифрландырылған болса, олар өтініш толтырылған кезде автоматты түрде жүктеледі, қателіктер қатерін азайтып, деректерді қайта енгізу қажеттілігін жояды",- делінген ақпаратта.
Қызметті пайдалану үшін:
- "Азаматтарға" бөліміне өтіңіз;
- "Әлеуметтік қамтамасыз ету" тетігін басыңыз;
- Қажетті жолдарды толтырыңыз;
- "Отбасыларға көмек" бөлімін, "Әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтың мүлкін иеліктен шығаруға, оған билік етуге және шотына түскен төлемдерді алуға рұқсат беру" қызметін таңдаңыз.
- Қызметті қол жетімді қол қою әдістерінің бірімен растаңыз;
Жеке кабинетте көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет. Жауап Жеке кабинетке 5 жұмыс күні аралығында келеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript