eLicense.kz порталында жаңа функция пайда болды

eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттарын автоматты түрде қайта рәсімдеу функциясы қолжетімді болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді.
"Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты-жөні өзгерген жағдайда қайта рәсімдеуге өтініш берудің қажеті жоқ. 1414 қысқа нөмірінен келетін SMS-хабарламаға жауап беру жеткілікті – жүйе мәліметтерді өздігінен жаңартып, құжатты қайта рәсімдейді. Қызметті алу үшін тек SMS-хабарламаны күтіп, оны растау қажет. Одан кейін барлық қажетті рәсімдерді жүйе автоматты түрде жүзеге асырады. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда пайдаланушылар порталдың қолдау қызметіне жүгіне алады,- делінген таратылған ақпаратта.
Автоматты түрде қайта рәсімдеу пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және тұқым өндірушілер мен өткізушілерді аттестаттау қызметтеріне қолжетімді.
"Бұл жаңашылдық өтініш берушілерге уақыт үнемдеуге және құжаттарды қайта жинап, тапсыру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді",- деп сендірді мамандар.
Бұған дейін НЗМ-де дарынды балалардың оқу ақысы үшін ҚР Президенті гранттарының мөлшері азайтылғандығын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript