НЗМ-де дарынды балалардың оқу ақысы үшін ҚР Президенті гранттарының мөлшері азайтылды

ҚР Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 30 сәуірдегі бұйрықпен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балаларды оқытуға ақы төлеу үшін ҚР Президентінің "Өркен" білім беру грантын беру қағидалары мен мөлшеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, гранттардың мөлшерлері келесідей:
- жатақханада тұруды есептемегенде, тиісті қаржы жылына 2 190 080 теңге;
- жатақханада тұруды есептегенде, тиісті қаржы жылына 3 053 940 теңге.
Бұрын гранттардың мөлшері тиісінше 2 349 191 млн теңгені және 3 247 305 млн теңгені құраған болатын.
Бұйрық 2025 жылғы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript