Ауыл жастары мен толық емес отбасы балалары үшін жоғары оқу орындарына түсу квотасының мөлшері өзгертілді

Городская юношеская библиотека имени Жамбыла, студенты, абитуриенты, выпускники, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 15:41 Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауға арналған қабылдау квоталары мөлшеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауға арналған қабылдау квотасының мөлшері:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ауыл жастары қатарынан қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 3% (бұрын 5%);
  • кемінде үш жыл осындай мәртебеге ие болған толық емес отбасылардың балалары – 3% (бұрын ол 1%).

Бұйрық 2025 жылдың 19 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру ережелері жаңартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: